«Caramel» еуропалық мейрамханасы

Егер Сіз  тартымды еуропалық орында  болғыңыз келсе, онда сізге «Caramel» мейрамханасына келу керек.  Интерьер колониалық стильмен безендірілген, қызыл ағаштан пілдер, жайлы дивандар, интерьердің жұмсақ және жалықтырмайтын карамель түстес реңкі және ұмытылмас еуропалық ұстамдылық. Бұлардың барлығы сізді  оқыған әдеби шығармалар мен көрген кинофильмдерден  білетін романтикалық Еуропаға әкеледі.   

 

Оскар Уайльд бірде үлкен жағымсыз жағдайларда ол  тамақ пен ішуден басқалардың барлығынан бас тарта аламын деген болатын. Және ол жақсы түскі астан кейін кімді болса да, тіпті өз туыстарыңды да кешіруге болады деп қалжыңдады. Бұны оңай түсіндіруге болады: еуропалық асүйдің  өзіне тән «темпераменті» мен «сипаты» бар, тағамның дәмін татып,Сіз  толықтай жайбірақаттық пен тыныштық тұңғиығына шомыласыз.     «Caramel» мейрамханасында байырғы орыс аспаздық өнерінің  тағамдарымен бірге  теңіз өнімдерімен тальятелле, жұмыртқа-пашотпен грильдегі спаржа және порто тұздығымен француз қазының төсі сияқты еуропа асүйінің шедеврлерінің дәмін тата аласыз.

Бұл қызықты: Аңыз бойынша, тальятеллені  1487 жылы Өркендеу дәуірінде  ойлап тапқан.   Лукреция Борджианың ашық бұйра  шаштары Тальятелллені жасауға романтикалық және шебер аспазды шабыттандырды, оны ол  оның   Альфонсо I д’Эстемен үйлену тойының құрметіне дайындады. Тағам  Tagliolini di pasta e sugo, alla maniera di Zafiran (Зафиран рецептісі бойынша тұздықпен қамырдан әзірленген тальолини) деп аталды және күміс табақтарда берілді. Жылдар өткен сайын тальятелле халықтың анағұрлым кедей топтарында да танымал бола бастады.

«Caramel» мейрамханасы сізді бас кондитердің дәмі нәзік және ұмытылмас десертімен таң қалдырады, ал дайындау үшін тек табиғи сүттерді пайдаланатын  үй балмұздағы сияқты ең жаздық десерт сізді біржолата өзіне  құштар етеді.   Сонымен бірге біз кең шарап картасына иелік етеміз, ал біздің сомельеміз сұрақтарыңызға жауап беруге  және осы бірегей сусынды таңдау бойынша ұсыныстар беруге әрқашан дайын.

 

«Caramel»  мейрамханасында  орыс және еуропа асүйінің дәмді және нағыз бірегей тағамдарынан басқа, Сізді ұнамды музыкалық сүйемелдеу және үздік сервис күтеді. Мұнда Сіз оңтүстік астананың қызу өмірін ұмытып,  тамаша  тағамдарға сүйсіне отырып, рахаттанып демаласыз.