«ЦИ» жапон мейрамханасы

«Жасама, тап және аш» - жапон аспаздығының негізгі қағидасы.

 Тибет емшілері ағза қалыпты жұмыс істеу үшін, онда «Це» ерекше өмірлік энергиясы болуы маңызды деп есептейді. Бұл энергия тыныс алу және тағам процестері нәтижесінде жасалады.

Жапон және қытай асүйлерінің аспаздық ізденістері ұсынылатын «Ци» мейрамханасы – бұл өзіндік шағын әлем  екені таңқаларлық емес. 

«Циға»  ұнамды тыныштандыратын және жапон-қытай стилінде безендірілген  жағдайдан туған  оң энергия ағыны шоғырландырылған. 

Мұнда әрбір зат өз орнында тұр, әрқайсысы өзіндік сыр-сипат пен  нәзік филосоофияға толы. «Ци» мейрамханасында «татами» залы ерекше тартымға ие, мұнда 6 адамға дейін орналаса алады.

Бұл қызықты: Егер тарихқа үңілсек, жапондар күріш жасай бастаған кез  жапон асүйінің туылған күні деп саналады.  Аңыз бойынша ол Инарисама күрішінің құдыретімен құрақтан әзірленген таяқта  Жапонияға әкелінді. Бұл 2500 жыл бұрын болды. Күріш бұл елде бәрі: тағам да, ақша да болды. Бағзы заманнан аса құнды өнім «окура» немесе басқаша   «акура»  ғимараттарда сақталды. Бүгінгі Жапонияда қаржы министрліктері "акурасё" деп атайды, бұны күріш қоймасы деп аударуға болады. Б.э.VI-VIII ғғ. Жапон асүйіне  Қытай орасан әсерін тигізді,  ол жақтан  үлкен мөлшерде соя мен көк шай импортталды.

Қазіргі уақытта жапон асүйі дүниежүзіндегі ең салауатты асүйлердің бірі ретінде мойындалған. Мұның құпияларының бірі өнімдерді мұқият іріктеуінде, ұсыну әдемілігінде, сондай-ақ жалпы өнімге деген қатынасында.   Жапон аспаздығының негізгі қағидасы – жасама, тап және аш. Қытай асүйі жапондікіне қарағанда анағұрлым жетілдірілген. Ол негізінде өмірдің кез келген формасына деген сыйластық жатқан буддизм принциптеріне құрылған.

Жапон асүйінің танымалдығы көбіне жалпы тағамға жапондықтардың шынайы философиялық көзқарасымен түсіндіріледі. «Ци» мейрамханасында ғана қаладан сырт шықпай-ақ, нағыз Көтерілген күн еліне саяхат жасауға болады: сиыр етінен жапон мацузакасы, цме тұздығымен қуырылған жыланбалық, мүмкіндігінше барлық роллалар мен сашими –акамилер, тай хриас – осы кереметтердің барлығы  тек ауызда ұнамды дәмін қалдырады.  

«Ци» мейрамханасының басты ерекшелігі  нағыз гурмандар мен эстеттер бағалайтын «Суши Флэш» тағамы болып табылады. Еріксіз еліктіретін сымбатты қыздар сізге өзіңізді  сүйікті сушиіңізді ұсынады. Осы бейдәстүрлі тағам ұсыну рәсімі санада  өзгеше тамақтанудан ұмтылмас сезімді қалдыра отырып, шексіз әсерге бөлейді.

Сән өзгеріп отырады, ал нағыз бағалаушылар қалады. Жапон асүйімен таныса бастағанда,  бізде жапон асүйіне бару, дәмді және салауаты тағам туралы талқылау, осы елдің мәдениеті мен философиясын білетінімен мақтану сәнді болды. Сән өтті, бірақ осы уақыт ішінде көбі өзі үшін нағыз қызықты және тамаша жапон асүйінің әлемін ашты.  Мұнда болу өте оңай: бұл үшін Жапонияға туристік виза және ұшаққа билет қажет емес – «Ци» мейрамханасына келсеңіз жеткілікті.

Барлығымыз шайды жақсы көреміз және жыл мезгіліне қарамастан, оны шөл басу үшін ішеміз.  «Ци» мейрамханасының басты ерекшелігі  дәстүрлі қытай және жапон шай дәстүріне ерекше көзқарас болып табылады. Қытайда шайды  отын, күріш, май, тұз, соя тұздығы және сірке қышқылымен бірге «күнделікті қажет жеті затқа» жатқызуы кездейсоқ емес. Оны күнделікті жағдайларда, сондай-ақ ресми іс-шаралар мен ритуалдар кезінде ішеді.Шай мұнда сусын ғана емес, ол дәстүрлі қытай медицинасында, қытай асүйі мен буддизмде маңызды рөл атқарады. «Шай мен чань бір дәмдес» деген мәтел бекер емес

 

«Гун-фу ча» - қытай шай дәстүрінің қазіргі заманғы атауларының бірі, бұл «шай ішудің жоғары өнері»  дегенді білдіреді – адамға күйбең тіршілік қарбаласын ұмытып,  бүкіл әлемнің  бар мәнінің үйлесімі мен өзара байланысын сезінуге көмектеседі...

Біздегі тікелей Қтыайдан әкелінетін улун шайы сияқты сирек және элиталы шай сорттарына баға беріңіз. Улун шайы айрықша сиректігінің арқасында  әлі де экзотика болып қала береді. Онда балғындық және қанық иіс сияқты көк шайдың қасиеттері мен қызыл шайдың қанықтығы және шығымдылығы үйлесім тапқан.  Бұл шай егер сіз шаршасаңыз, сергітеді, ал тым ширығып отырсаңыз,  босаңсытады.

Бұл қызықты:  Шай қалай ашылғаны туралы әңгімелейтін бірнеше аңыз бар. Міне солардың  ішіндегі ең әйгілісі.

…Ертеде бір қытай бақташысы  оның қойлары қандай да бір бұтақтың жапырақтарын жеп, әжептәуір ширақ болатынын аңғарады. Ол да оның дәтін татып көруді ұйғарады, бірақ бұтақтың жапырақтарын шайнамай, кептіріп алып, суға қайнатады да, тұнбасын ішеді.   Шын мәнінде керемет күш пен сергектікті сезініп, бақташы таңғажайып сусын туралы адамдарға айтуды ұйғарады.

Улун шайын жинау жылына бір рет, ай күнтізбесі бойынша қыстың бірінші күні болады. Жаңбырлы немесе желді күні оны ешқашан жинамайтындықтан, кейде шай түсімі жылына бірнеше жүз грамды ғана құрайды немесе мүлде болмайды. Ол шайдың барлық басқа сорттарынан ерекше ашық хош иісімен және ішкеннен кейін ауызда жағымды дәмі қалатын толық дәмімен ерекшеленеді. Оны сіз бірнеше тәуліктен кейін де қайран қалып сезіне аласыз. Мұндай шайларды «шайдың кемелденуі» деп атайды.